Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ..13.04.02 Ж. № 130 ҚАУЛЫСЫ

Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен

сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну

тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2002 ж. 13 сәуірдегі N 130 қаулысы

Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.03 ж. N 375 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бағалы қағаздар рыногы жұмысының айқындылық және тиімділік дәрежесін көтеру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі - брокер-дилерлер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:

1) есепті аптадан кейінгі аптаның әрбір бірінші жұмыс күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен брокер-дилерлер жасасқан мәмілелер туралы есепті;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру кезінде брокер-дилерлер жасасқан мәмілелер туралы есепті;

2) есепті айдан кейінгі айдың әрбір бесінші күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды және қағаз тасымалдаушыда:

осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен брокер-дилерлер жасасқан, орындалмаған мәмілелер туралы есепті;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку