(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2002 Ж. 13 СӘУІРДЕГІ № 130 ҚАУЛЫСЫ
Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен
сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну
тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 13 сәуірдегі N 130 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.03 ж. N 375 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағалы қағаздар рыногы жұмысының айқындылық және тиімділік дәрежесін көтеру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.03 ж. N 375 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі - брокер-дилерлер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
1) есепті аптадан кейінгі аптаның әрбір бірінші жұмыс күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен брокер-дилерлер жасасқан мәмілелер туралы есепті;
2) есепті айдан кейінгі айдың әрбір бесінші күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды және қағаз тасымалдаушыда:
Демо – версия документа