Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 126 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөнiндегі уәкілетті мемлекеттік орган туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 26 қаңтардағы № 126 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. ҚР Үкіметінің 18.11.02 ж. № 1220 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды

2. Облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында штат санының белгiленген лимиттерi шегiнде Құрылыс iстерi жөніндегі комитеттiң аумақтық басқармалары құрылсын.

3. ҚР Үкіметінің 18.11.02 ж. № 1220 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды

4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істерi жөніндегі комитетiнiң «Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны (бұдан әрi - «Мемқұрылысинспекция» РМК) мен оның еншiлес кәсiпорындары заңнамада белгiленген тәртiппен таратылсын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Мемқұрылысинспекция» РМК мен оның еншілес кәсіпорындарының таратылғаннан кейін қалған мүліктерін Құрылыс істері жөніндегі комитетке беруді қамтамасыз етсін.

7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 26 қаңтардағы

№ 126 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінің
Құрылыс істері жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

 


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс істерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істерi жөніндегі арнайы атқару және мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады.

2. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады әрi облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында өзiнiң аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелерi) болады.

Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс істерi жөніндегі комитетi» мемлекеттік мекемесi.

3. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Комитетте өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбасы және белгiленген үлгiдегi бланктерi болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің банктерде есепшоттары болады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өзiнiң атынан түседi және Комитеттiң мемлекет атынан, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретiнде түсуi мүмкiн.

6. Комитет өз құзыретiнiң шегiнде Төрағаның бұйрығымен ресiмделген, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар шешiмдер қабылдайды.

7. Комитеттің штат санының лимитiн және құрылымын Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi.

8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

10. Комитеттiң заңды мекен-жайы:

473000, Астана қаласы, Районный тұйық көшесi, 15/1.

2. КОМИТЕТТІҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

11. Комитетке мынадай негiзгi мiндеттер:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асырған кезде азаматтар мен қоғамның қолайлы әрi экологиялық қауiпсiз өмiр сүру және тiршiлiк ету ортасына деген мүдделерiн қамтамасыз ету, жобалау мен құрылыс өнiмдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құрылыстың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн, пайдаланған кезде салынған объектiлердiң тұрақты жұмыс істеуiн қамтамасыз ету;

3) халықтың толық мәндi өмiр сүру және тiршiлiк ету ортасын қалыптастыру, елдi мекендердiң табиғи ресурстары мен аумақтарын және қонысаралық аумақтарды қала құрылысына игерген, дамытқан мен салған кезде оларды ұтымды пайдалану;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қаражаттарымен тарихи және мәдени мұра ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

5) әлеуметтiк, өндiрiстiк, инженерлiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту;

6) салаға инвестицияларды тарту және оларды тиiмдi пайдалану үшiн ынталандыратын жағдайлар жасау;

7) жобалау және құрылыс өнiмдерiнiң ішкi рыногын қорғау, отандық жобалау мен құрылыс өнiмдерi сапасын және бәсекелесуге қабiлетiн арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;

8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы интеграциялық процестердi тереңдету жүктеледi.

3. КОМИТЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

12. Комитет жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзедi;

2) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттік реттеу әдiстерiн әзiрлейдi;

3) құнды сәулет-қала құрылысы мұрасының сақталуын, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлердiң дамуын ескере отырып, аумақтарды және елдi мекендердi игеру мен дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзiрлейдi;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және оларды келiседi;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды заңнамада белгiленген тәртiппен әзiрлейдi, бекiтедi және қолданысқа енгiзедi;

6) құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттік стандарттарды белгiленген тәртiппен әзiрлейдi, бекiтедi және қолданысқа енгiзедi;

7) тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қорын сақтау бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырады, мемлекеттік тұрғын үй саясатын iске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың iс-қимылын үйлестiредi;

8) экспортқа бағдарланған жобалау және құрылыс өнiмдерiн шығару, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсi саласында жаңа техника мен жоғары технологияны игеру жөніндегі бағдарламалар әзiрлейдi және шараларды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүргiзедi және сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға басшылық жасайды;

10) құрылыс материалдары өндiрiсiнiң жаңа технологияларын дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестiредi және олардың орындалуын бақылайды;

11) құрылысқа арналған инженерлiк iздестiрулер саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзедi, кешендi инженерлiк іздестiрулердiң мемлекеттік қорын қалыптастыру мен жүргiзудi ұйымдастырады және оған жәрдемдеседi;

12) Комитет құзыретiне енетiн мәселелер бойынша халықпен және заңды тұлғалармен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргiзудi ұйымдастырады;

13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi бағыттарын анықтау мен оның бағдарламаларын әзiрлеуге басшылық жасайды, салалық зерттеу, ғылыми-қолданбалы, эксперименттiк және жобалау-іздестiру жұмыстарын орындауды, бекітудi және іске асыруды (енгiзудi) ұйымдастырады;

14) Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетiндерiн қоспағанда, мемлекеттік, аймақаралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектiлер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс жобалары мен өзге де жоба (жоба-смета) құжаттамаларын қарайды әрi бекiтедi;

15) сәулет пен қала құрылысының облыстық және республикалық маңызы бар органдарының, облыстық және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерiнiң жұмысына ұйымдық және әдiснамалық басшылық жасайды;

16) республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ұйымдастырады және жүргiзедi, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерiн мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз етедi әрi олардың жұмысын үйлестiредi;

17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жағдайын талдайды әрi болжамдар әзiрлейдi;

18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстар аясында шет елдермен әрi халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;

19) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiнде бүлiнген құрылысты қалпына келтiру немесе бұзу бойынша кешендi іс-шараларды әзiрлеуге қатысады;

20) құрылыс пен құрылыс өнiмдерiнiң сапасына, қала құрылысы регламенттерiнiң, мемлекеттік нормативтердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын мемлекетаралық нормативтердiң сақталуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;

21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялайды, берiлген лицензиялардың есебiн жүргiзедi, лицензиаттардың біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiне және олардың лицензиялық ереженi сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

22) Қазақстан Республикасында тiркелген лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттар негiзiнде шет мемлекеттердiң лицензияларын таниды;

23) өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) немесе лицензиаттардың заңнамада белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалауды жүргiзу үшiн заңды және жеке тұлғаларды тiркейдi;

24) мемлекеттік емес сараптама орталықтарын тiркейдi және жобаларға сараптаманы жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар сарапшыларды аттестациялайды;

25) жобалау құжаттамаларының сапасын қадағалауды жүзеге асырады әрi жобалау алдындағы және жоба (жоба-смета) құжаттамаларын мемлекеттік сараптауды ұйымдастырады, жобалардың мемлекеттік сараптамасының бiрыңғай жүйесiне басшылық жасайды;

26) объектiлер (кешендер) салуда инвестициялардың негiздемесiне (техникалық-экономикалық негiздемеге) техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастырады әрi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты мен мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттік емес заемдардың қаражатынан инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн негiз болатын қорытындылар дайындайды;

27) республикалық маңызы бар қалалардың, жүз мыңнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына, Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастырады және оны жүргiзедi;

28) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын мемлекетаралық (халықаралық) нормативтiк базаны дамытады;

29) жобалау-іздестiру жұмыстары мен құрылыста баға белгiлеудi, құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өзiндiк құнына талдау жасайды, объектiлер мен кешендер құрылысының сметалық құнын есептеудiң тәртібін анықтайды;

30) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша Комитет құзыретiнiң саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттерiн иеленедi және пайдаланады;

31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. КОМИТЕТТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

13. Комитет негiзгi мiндеттерiн iске асыру мен өзiнiң функцияларын iске асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) өз құзыретiнiң шегiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;

2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге және өзге де мемлекеттік нормативтерге қайшы келетiн шешiмдерiнiң қолданысын тоқтата тұру және күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

3) объектiлердi жобалаудың және салудың (қайта жаңғыртудың) жекелеген техникалық мәселелерi бойынша шешiм қабылдауға;

4) өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) немесе лицензиаттардың заңнамада белгiленген біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды тiркеудiң тәртібін белгiлеуге;

5) жобаларды сараптауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік емес сараптама орталықтарын тiркеудiң және сарапшыларды аттестациялаудың ережесi мен тәртібін белгiлеуге;

6) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сабақтас қызмет мәселелерi бойынша басқа уәкiлеттi мемлекеттік органдар әзiрлеген заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобалары жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жобаларға сараптама жүргiзудiң, лицензиялаудың және мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырудың тетiктерi мен рәсiмдерiн жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметiне ұсыныстар енгiзуге;

8) белгiленген тәртiппен қажеттi жағдайларда өндiрiстiң басқа салаларының, ғылыми, зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк мамандарды сарапшылар ретiнде тартуға;

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында белгiленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтiк талаптарды, шарттар мен шектеулердi бұзушыларға жол берiлген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешiмдер қабылдауға;

10) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiрудiң техникалық шарттарын қарауға және олардың сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекетаралық және мемлекеттік нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгi туралы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға қорытындылар беруге;

11) құрылыс өнiмдерiн сертификаттау жөніндегі сынақ зертханаларын сертификаттауға және тiркеуге қатысуға;

12) тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуы мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi және мемлекеттік нормативтердi әзiрлеуге қатысуға;

13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн кадрлар дайындау жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысуға;

14) жобалауға, құрылыс салуға және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын жеткiзуге арналған мердiгерлердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастыру мен өткiзуге қатысуға;

15) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жылдық жоспарларын жасауға қатысуға;

16) республикадағы тұрғын үй проблемасын кезең-кезеңiмен шешуде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мен несиелендiрудiң және тұрғын үй қорын сақтаудың схемалары мен тетiктерiн әзiрлеуге қатысуға, толық мәндi тұрғын үй рыногын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесуге;

17) жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, құрылыс-монтаж кәсiпорындарының, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiнiң қызметкерлерi үшiн кәсiподақ ұйымдарымен әлеуметтiк әрiптестiк жөніндегі салалық келісімдерге қатысушы болуға;

18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс терминологиясын түсiндiруге;

19) күрделi құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, сондай-ақ мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу мен құрылыс материалдарының экспорты-импорты аясындағы статистикалық материалдарды статистика жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органнан белгiленген тәртiппен және белгiленген мерзiмде алып тұруға;

20) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;

21) сәулетшi (қала құрылысшысы) мен құрылысшы кәсiбiнiң беделiн көтеру, мамандардың Қазақстанның қалалары мен ауылдарының қазiргi келбетiн жасауға, олардың инфрақұрылымын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiрудiң қолданбалы ғылымы мен технологиясын дамытуға шығармашылық және кәсiптiк үлес қосуына ынталандыру мақсатында ведомстволық наградалар белгiлеуге;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

5. КОМИТЕТТІҢ МYЛКI

14. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

15. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

16. Комитеттiң оған бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкін.

6. КОМИТЕТТІҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.

18. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.

19. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады.

Төрағаның орынбасарлары лауазымдары бойынша Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары болып табылады.

Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымдары бойынша тиiстi облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.

20. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.

21. Осы мақсаттарда Төраға:

1) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн және олардың бiр-бiрiн алмастыруын белгiлейдi;

2) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) Экономика және сауда министрінің келісімi бойынша қызметкерлердiң белгiленген штаттық лимит саны мен еңбекақы қорының, аппаратты ұстау шығыс сметасының шегiнде Комитеттiң және оның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлiмшелерiнiң штаттық кестесiн бекiтедi;

5) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Комитеттiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ оның аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

8) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттiң мүддесiн бiлдiредi;

9) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

22. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларды талдау, бағдарламаларды, жобалар мен нормативтiк-техникалық құжаттарды қарау мен бекіту үшiн Комитетте сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Ғылыми-техникалық кеңес құрылады.

Ғылыми-техникалық кеңестiң сандық және жеке құрамын әрi ол туралы ереженi Комитеттiң төрағасы бекiтедi.

23. Мемлекеттік, аймақаралық немесе өзге де айрықша маңызы бар қала құрылысы және сәулет жобаларын қарау үшiн Комитетте консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Сәулет-қала құрылысы кеңесi құрылады.

Сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң сандық және жеке құрамын әрi ол туралы ереженi Комитет төрағасы бекiтедi.

7. КОМИТЕТТI ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 26 қаңтардағы

№ 126 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда

министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің

Құрылымы

Басшылық;

Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы;

Сәулет, техникалық сараптама және сатып алу басқармасы;

Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы;

Құрылыстағы техникалық нормалар мен жаңа технологиялар басқармасы;

Тұрғын үй құрылысы және құрылыстағы құқықтық реттеу басқармасы.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 26 қаңтардағы

№ 126 қаулысымен

бекiтілген

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің

Құрылыс істері жөніндегі комитетiне ведомстволық бағыныстағы

ұйымдардың

ТIЗБЕСI

1. Өз қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында Астана қаласы жүзеге асыратын «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы»Є республикалық мемлекеттік кәсiпорны («Мемсараптама» РМК)

2. Өз қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында Алматы қаласы жүзеге асыратын «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикалық төзiмдi құрылыс пен сәулет институты» («ҚазНИИССА» РМК) республикалық мемлекеттік кәсiпорны

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 26 қаңтардағы

№ 126 қаулысымен

бекiтілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

күші жойылған кейбір шешімдерінің

Тізбесі

1. «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 мамырдағы № 485 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 21, 216-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 мамырдағы № 485 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 19, 169-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1022 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 320-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 34, 409-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 95-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:

1-тармақ алынып тасталсын.

6. «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 54-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:

2-тармақ алынып тасталсын.






























Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции