Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1198 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 1022
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 4 тамыздағы № 1198 қаулысы
ҚР Үкіметінің 26.01.02 ж. № 126 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Районный тұйығы, 15/1".
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң құрылымында:
алтыншы абзац алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
|
|
| Қ. Тоқаев |
Документ утратил силу