(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.01.02 Ж. № 126 ҚАУЛЫСЫ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөнiндегі уәкілетті мемлекеттік орган туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 126 қаулысы
(2002.18.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 18.11.02 ж. № 1220 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
2. Облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында штат санының белгiленген лимиттерi шегiнде Құрылыс iстерi жөніндегі комитеттiң аумақтық басқармалары құрылсын.
3. ҚР Үкіметінің 18.11.02 ж. № 1220 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істерi жөніндегі комитетiнiң «Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны (бұдан әрi - «Мемқұрылысинспекция» РМК) мен оның еншiлес кәсiпорындары заңнамада белгiленген тәртiппен таратылсын.
5. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс істерi жөніндегі комитетi» деген бөлiмiнде рет нөмiрi 50-жол алынып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Мемқұрылысинспекция» РМК мен оның еншілес кәсіпорындарының таратылғаннан кейін қалған мүліктерін Құрылыс істері жөніндегі комитетке беруді қамтамасыз етсін.
7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
|
|
| Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Редакция документа
Демо – версия документа