Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысы (2012.19.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 Қаулысы

(2012.19.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 422 Қаулысымен күші жойылды

 

«Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 676 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

 

ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. № 9; 09.04.03 ж. № 339; 16.02.04 ж. № 183; 22.07.04 ж. № 786 (бұр. ред. қара); 2005.22.06. № 616 (бұр. ред. қара); 2005.14.11. № 1126 (бұр.ред.қара); 2006.25.12. № 1280 (бұр.ред.қара); 2007.22.08. № 730 (бұр.ред.қара); 2008.11.02. № 131 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 764 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 496 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 2 сәуірдегі

№ 431 қаулысына

қосымша

 

 

Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның

құрамы

 

Божко

Владимир Карпович

 

- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға

Петров

Валерий Викторович

 

- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары

Толымбаев

Берік Зиябекұлы

 

- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі

Ахметов

Серік Баужанұлы

 

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы

 

Бектұров

Азат Ғаббасұлы

 

- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Паритов

Бекет Закарұлы

 

- Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Ұранхаев

Нұрлан Телманұлы

 

- Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Әбдіров

Асқар Аманғалиұлы

 

- Атырау облысы әкімінің орынбасары

Оразмағамбетов

Асқар Ұзақбайұлы

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау комитеті Мұнай-газ өнеркәсібіне мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы, хатшы

Мұхамбетов

Мирлан Бегежанұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Бекшин

Жандарбек Мұхтарұлы

 

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы

Тағымов

Марат Мырзағалиұлы

- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

 

  

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2001 жылғы 2 сәуірдегі

№ 431 қаулысымен

бекітілген

Мұнайдың төгілуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

1. «Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 6 мамырдағы № 676 қаулысын (бұдан әрi - Ұлттық жоспар) iске асыру мақсатында құрылған Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрi Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметінiң кесiмдерiн, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

3. Комиссияның мiндеттерi:

1) Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою саласында бiртұтас мемлекеттік саясат жүргiзуге қатысу;

2) Қазақстан Республикасының шегiнде мұнайдың төгiлуiне ден қою шараларын қолдану жөніндегі орналастыру және дайындау жүйелерiн қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының және басқа да ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестiру және басшылыққа алу;

3) мұнайдың теңiзге және iшкi су айдындарына келiп түсуiне және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтыруы мүмкiн төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда ден қоюдың дайындық шараларын жүзеге асыру;

4) Ұлттық жоспар шеңберiнде мұнайдың төгілуiне ден қою жөніндегі iс-қимылдарды үйлестiру болып табылады.

4. Көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн Комиссия заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды:

1) мұнайдың төгілуiне қарсы күрес жүргiзу үшiн қолда бар жабдықтарды анықтауды;

2) бағдарламаларды үйлестiрушiлердiң ұсынысы бойынша тиiстi компаниялардың қатысуымен мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiнде мерзiмдi жаттығулар жүргiзудi келiсудi;

3) Ұлттық жоспар шеңберiнде мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі iс-қимылдарды үйлестiрудi және басшылыққа алуды;

4) адамдардың денсаулығы мен өмiрiн, теңiздер мен iшкi су айдындарының өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мұнайдың төгiлулерiнен сақтауға бағытталған шаралардың стратегиясын орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;

5) ден қою шараларының мониторингiн;

6) мұнайдың төгiлуiне ден қою шараларына мемлекеттік басшылық ету туралы және үшiншi деңгей төгiлген жағдайда ұлттық жоспарды iске қосуды енгізу туралы хабарландыруды;

7) төгiлулердi және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар ұйымдастыруды;

8) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында төгiлулердiң себептерiн тексеру бойынша ұсыныстар жасауды;

9) мұнайдың төгiлулерiнiң зардаптарынан болған экономикалық зиянды талдауды;

10) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында төгiлудiң алдын алу мен оған ден қою жөніндегі iс-шаралардың тиiмділігiне баға берудi;

11) оқиға болған жердегi ден қою шараларын үйлестiрушiлерге және жұмыстардың басшысына консультация берудi және жұмыстарды жүзеге асыру барысында техникалық консультациялар берудi;

12) төгiлу мәртебесiне және мұнайдың төгiлуiн оқшауландыру және жою барысына қатысты баспасөз - релиздер мен өтiнiштер дайындауды;

13) мұнайдың төгiлулерiн жою жөнiнде жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесiнде алынған материалдарды жинақтауды және тиiстi компаниялар мен мүдделi мемлекеттік органдарды таныстыра отырып ұсыныстар дайындауды;

14) мемлекетаралық мәселелер мен дауларды шешу кезiнде, оның iшiнде трансшекаралық төгiлулер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен консультацияларды;

15) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою саласында халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізудi;

16) Комиссияда қараған және ұсынған аса маңызды мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметіне ақпарат берудi;

17) және Ұлттық жоспармен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Комиссияның негiзгi құқықтары

5. Комиссия жүктелген мiндеттерге сәйкес:

1) өз мiндетiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;

2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

3) Комиссияның мiндетiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға;

4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;

5) мұнайдың төгiлуiне қарсы күресу үшiн жабдықтарды пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасауға;

6) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар ұсынуға;

7) жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

8) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпараттық, талдамалық, техникалық, анықтамалық-статистикалық материалдарды сұратуға және алуға;

9) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

10) Комиссияның жұмысына қатысу үшін заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиiстi сарапшылары мен консультанттарын тартуға құқығы бар.

Комиссияның қызметін ұйымдастыру

ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 616 қаулысымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

6. Комиссияның тұрақты қызметi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің басшылығымен жүзеге асырылады.

7. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 616 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 616 қаулысымен 8-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

8. Комиссияның жыл сайын қайта қаралатын және жаңартылатын дербес құрамын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

9. Отырыстың күн тәртiбіндегі әрбiр мәселе бойынша Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.

10. Комиссия мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.

11. Комиссияның шешiмi Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.

12. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр айтуға құқылы, айтқан жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.

13. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындайды, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;

2) Комиссия мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.

14. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции