«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі № 786 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі № 786 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 422 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
қазақша мәтініндегі тақырыбында «Мұнайдың төгілуіне» деген сөздер өзгеріссіз қалады;
мыналар енгізілсін:
Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, төраға;
Дүйсекенов Нұрсіләм Рахымұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау жөніндегі департаментінің директоры, хатшы;
мыналар шығарылсын: Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлы, Оглов Вадим Валерьевич.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
|
|
| Д.К. Ахметов |
Документ утратил силу