«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1280 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1280 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 422 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазакстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген каулыға қосымшада:
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сүлейменов Нәсіполла Зейнолаұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны корғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің төрағасы;
Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
Көшербай Айтбай Көшербайұлы - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
Әкімжанов Жандос Әбілханұлы - Атырау облысы әкімінің орынбасары;
мына:
«Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары»
«Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары;
Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері»;
көрсетілген құрамнан Лавриненко Юрий Иванович, Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы, Рысқалиев Бергей Сәулебайұлы, Оңғарбаев Имамадин Зәкірұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы |
К. Мәсімов |
Документ утратил силу