«Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығы (2016.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығы
(2016.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығымен күші жойылды
Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтарын беруді реттеу мақсатында қаулы етемін:
1. № 1-9 қосымшаларға сәйкес жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаруға тиіс лауазымдардың тізбесі бекітілсін.
2. ҚР Президентінің 10.09.03 ж. № 1184 Жарлығымен күші жойылды
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 мамырдағы № 2984 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы № 3396 Жарлығының 3-тармағы;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 3512 Жарлығының II тармағы;
4) өте құпия;
5) өте құпия.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
ҚР Президентінің 23.10.01 ж. № 710; 16.05.03 ж. № 1094; 10.09.03 ж. № 1184; 2005.03.05. № 1565 ; 2007.03.08 № 373; 2009.03.04 № 787; 2010.15.07. № 1023 Жарлықтарымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 12 мамырдағы
№ 392 Жарлығына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары офицерлік
құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар
тізбесі
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы | - генерал-полковник |
Қорғаныс министрінің орынбасары(тәрбие жұмысы, экономика және қаржы мәселелерімен айналысатынды қоспағанда) | - генерал-лейтенант |
Документ утратил силу
Демо – версия документа