«Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығы (2017.13.10. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі туралы
(2017.13.10. берілген өзгерістермен)
Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери, арнаулы атақтарын, сыныптық шендерін және біліктілік сыныптарын беруді реттеу мақсатында, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
ҚР Президентінің 2017.13.10. № 563 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен).
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы мамырдың 5-і.
№ 470
Демо – версия документа