«Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1565 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру мәселелері туралы
ҚР Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығымен күші жойылды
Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беруді одан әрі реттеу, жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесін кейбір мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдарында болған қайта ұйымдастырумен сәйкес келтіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) № 1 қосымшада:
"Қорғаныс министрінің орынбасары - генерал-лейтенант"
(тәрбие жұмысы, экономика және қаржы
мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)
деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші - генерал-майор";
орынбасары - жедел жоспарлау департаментінің
бастығы
"Штабтар бастықтары комитеті төрағасының - генерал-майор"
орынбасары
деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы - генерал-майор";
департаментінің бастығы
"Бас барлау басқармасының бастығы - генерал-лейтенант"
деген жолда "Бас" деген сөздің алдынан "Қарулы Күштер" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қарулы Күштер түрлерінің Бас қолбасшысының - генерал-майор"
орынбасары (тәрбие жұмысы, тыл мәселелерімен
айналысатынды қоспағанда)
деген жолдар өзгеріссіз қалдырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа