«Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 Қаулысы (2018.27.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 Қаулысы
(2018.27.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 764 Қаулысымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 291-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық субсидия беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 68, 626-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 және «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 210 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 21, 115-құжат).
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1120 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық субсидия беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық субсидия беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 291-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық субсидия беру тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2018.27.07. № 468 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Документ утратил силу
Демо – версия документа