Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 764 Қаулысы

«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 764 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Инвесторға:

1) инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

технологиялық жабдықты және оның жинақтауыштарын импорттау кезінде инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ осы инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге кедендік баж салудан босату;

инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату;

жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтер пайдалануға берілген күннен бастап осы инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде 5 (бес) жыл мерзімге кедендік баж салудан босату;

инвестициялық келісімшартқа 4-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1 күнінен бастап қатарынан 5 (бес) жыл мерзімге шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку