Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 Қаулысы (2015.09.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 Қаулысы

(2015.09.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-5-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық субсидия беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 13, 14 және 17 тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 қарашадағы

№ 1175 қаулысымен

бекітілген

 

 

Инвестициялық субсидия беру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Инвестициялық субсидия беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық субсидия беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) инвестициялық субсидия - инвестициялық басым жобаны орындау үшін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция түрінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;

2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға;

3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции