(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫ...
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 Қаулысы
(2014.20.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
8) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті;
Редакция документа
Демо – версия документа