Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығы (2016.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығы

(2016.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 213/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін көшірмесін жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Ж. Қасымбек

 

Қазақстан Республикасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции