Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығы (2015.01.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығы

(2015.01.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығымен күші жойылды

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 13-тармағының 9) және 10) тармақшаларын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мұхамедиұлы

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 17 қазандағы

№ 38 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции