«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығы (2015.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығы
(2015.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ.Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 30 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
Документ утратил силу
Демо – версия документа