«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 740 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 740 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11624 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі - КҚҚБ) қызметкері;»;
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа