Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына 1-қосымша) (2019.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2016.26.02. № 183 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 30 мамырдағы

№ 501 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.12. № 953 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:

1) «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігін беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции