«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына 3-қосымша) (2019.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2016.26.02. № 183 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 501 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.12. № 953 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.12. № 953 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.12. № 953 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.15.03. № 208 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.26.08. № 740 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
Документ утратил силу
Демо – версия документа