(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЕРЕЖЕСІ...
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 Қаулысы
(2016.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақтан Республикасының Премьер-Министрі | К: Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.19.06. № 635 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1270 Қаулысымен
бекітілген
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа