«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 635 Қаулысы (күші жойылды)
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 635 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 213 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 635 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1270 қаулысымен
бекітілген
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа