(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 24 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1270 ҚАУЛЫ
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 Қаулысы
(2012.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақтан Республикасының Премьер-Министрі | К: Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1270 Қаулысымен
бекітілген
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.
2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.28.02. № 265 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
Редакция документа
Демо – версия документа