(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НҰСҚАМА НЫСАНДАРЫН, ОЛАРДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ БЕРУ ҚАҒИДАЛА...
Нұсқама нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығы
(2020.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015.24.07. № 7-1/694 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.10.02. № 46 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015.24.07. № 7-1/694 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.10.02. № 46 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес шаруашылық қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама нысанын;
5) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.10.02. № 46 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа