Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 7-1/694 бұйрығы

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 7-1/694 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларын жасау және беру қағидалары.»;

осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку