(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛА...
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығы
(2016.29.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015.24.07. № 7-1/694 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтерді бірнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестаттау туралы нұсқама нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
Редакция документа
Демо – версия документа