«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына 2-қосымша) (2019.19.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 514 бұйрығымен күші жойылды
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.19.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.19.03. № 146 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.19.03. № 146 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі;
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.07.12. № 849 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) беру және (немесе) Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту).
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.19.03. № 146 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа