«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 146 бұйрығы (күші жойылды)
«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 146 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 514 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11664 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензияны беру:
жауапты орындаушысымен өтінішті 1 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа