«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына 2-қосымша) (2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 555 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 514 бұйрығымен күші жойылды
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018.29.12. № 962 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018.29.12. № 962 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.12.07. № 465 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.16.11. № 792 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;
Документ утратил силу
Демо – версия документа