«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 849 бұйрығы (күші жойылды)
«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 849 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 514 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11664 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес электрондық өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен лицензияға немесе бас тартуға қол қоюы;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа