(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ...
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 Қаулысы
(2022.02.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, Маңғыстау облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және 25 қаңтар мен 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 41 Қаулысымен кешенді жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған
кешенді жоспары
Редакция документа
Демо – версия документа