Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ...

Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар, Маңғыстау облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және 25 қаңтар мен 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 4 қарашадағы

№ 784 қаулысымен

бекітілген

 

 

Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған

 кешенді жоспары

 

Маңғыстау облысы өнеркәсіптік өңір болып табылады, экономиканың негізін мұнай-газ секторы құрайды. Өнеркәсіп құрылымындағы негізгі үлес тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге тиесілі, оның үлесі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 85 %-ды құрады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку