«Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 41 Қаулысы
«Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 41 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған
кешенді жоспары
Маңғыстау облысы өнеркәсіптік өңір болып табылады, экономиканың негізін мұнай-газ секторы құрайды. Өнеркәсіп құрылымындағы негізгі үлес тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге тиесілі, оның үлесі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 85 %-ды құрады.
Өнеркәсіпте облыс халқының шамамен 25 %-ы жұмыс істейді, жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) құрамындағы саланың үлесі шамамен 50 %-ды құрайды. Өңірдің кәсіпорындары жыл сайын еліміздің өнеркәсіп өнімінің 10 %-дан астамын өндіреді.
Демо – версия документа