Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығы (2025.12.04. берілген өзгерістермен)

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығы

(2025.12.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025.28.03. № 116-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Ақпарат және қоғамдық даму министрі

 

Д. Қыдырәлі

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024.19.01. № 24-НҚ бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және қоғамдық

даму министрі

2023 жылғы 14 маусымдағы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции