«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заңы (2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының
Заңы
Ақпаратқа қол жеткізу туралы
(2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты мен міндеттері
4-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу
6-бап. Қол жеткізуге шектеу қойылмайтын қоғамдық маңызы бар ақпарат
6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құзыреті
6-2-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері
10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері
11-бап. Сұрау салу бойынша ақпарат беру
12-бап. Ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда ақпаратты орналастыру
13-бап. Ашық отырыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету
15-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру
16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру
17-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталында ақпарат орналастыру
17-1-бап. Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты
17-2-бап. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету
18-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағым жасау
19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия
19-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау
20-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ақпарат - ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі, кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
2) ақпаратқа қол жеткізу - мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және тарату құқығы;
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган - ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ақпарат пайдаланушы - ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) ақпаратты проактивті тарату - қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпарат пайдаланушының сұрау салуынсыз және ақпарат иеленушінің бастамасы бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және (немесе) адамдардың шектеусіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілер мен шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы мүддесінде ақпаратты тарату;
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ашық бюджеттердің интернет-порталы - бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау нəтижелерін жəне Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес жариялануға жататын өзге де материалдарды, ақпарат пен құжаттарды орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды жəне бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпарат тандыру объектісі;
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) ашық диалогтың интернет-порталы - мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы - қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпарат тандыру объектісі;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) қоғамдық маңызы бар ақпарат - осы Заңның 6-бабында белгіленген, қоғамдық мүддені білдіретін ақпарат;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қол жеткізу шектелген ақпарат - мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы - азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
9) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы - мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
11-1) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) сұрау салу - ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда пайдаланылады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.
3. Осы Заңның күші «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сұрау салуларды қарау тәртібіне қолданылмайды.
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның күші «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру тәртібіне қолданылмайды.
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты мен міндеттері
1. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға әркімнің конституциялық құқығының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер жасау болып табылады.
2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:
1) ақпаратқа еркін және тең қол жеткізу үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау;
2) әркімнің ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және қорғау;
3) ақпарат иеленушілер мен пайдаланушылар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;
4) ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыру тетіктерін және осы құқықты заңсыз шектегені үшін жауаптылықты белгілеу;
5) ақпарат пайдаланушыларды уақтылы және толық ақпараттандыру;
6) ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі үшін ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де талаптарды айқындау.
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
1. Осы Заңның 5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпарат иеленушілердің иелігіндегі ақпарат ашық болып табылады (ашықтық презумпциясы).
2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
2) ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен айқындығы;
6) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеу;
7) жеке өмірге, жеке басының және отбасының құпиясына қол сұқпау;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
9) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін есепке алу;
10) ақпаратты проактивті тарату;
11) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық.
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу
1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектеледі.
2. Ақпаратқа қол жеткізуді шектеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті белгілі бір мерзімге ғана жүзеге асырылуға тиіс.
3. Егер осы баптың 1-тармағының талаптарына ақпараттың бір бөлігі ғана сәйкес келетін болса, онда осы бөлікке ғана қол жеткізу шектеледі.
4. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға белгіленген мерзімде қол жеткізілмеген болса, шектеу мерзімі қайта қаралуы мүмкін.
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қол жеткізуге шектеу қойылмайтын қоғамдық маңызы бар ақпарат
Мынадай:
1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы;
2) денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;
3) терроризм актілерін жасау фактілері туралы;
4) экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшері туралы;
8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтінін, сондай-ақ олардың жобаларын қамтитын;
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы мен олардың жұмсалуы туралы;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың, мемлекет активтерінің жұмсалуын бақылау, мемлекеттік аудиттеу және қаржылық бақылау туралы;
11) ақпарат иеленушілердің, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын ақпаратты қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
13) мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының тармақтарын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын орындау туралы;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, электр желілері объектілерінің тиесілігі туралы қоғамдық маңызы бар ақпаратқа;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15) цифрлық активтер саласының жай-күйі туралы статистикалық деректерге қол жеткізу шектелуге жатпайды.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды
6-2-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша ақпарат иеленушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) ақпарат иеленушілерімен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
5) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекітеді;
6) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
7) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсынады;
8) Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
9) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін айқындайды;
10) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізеді;
3) 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
1) заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға;
2) ақпарат беру туралы сұрау салумен өтініш жасауға;
3) алынатын ақпараттың нақтылығы мен толықтығын тексеруге;
4) сұрау салуды кері қайтарып алуға;
5) ақпарат алу қажеттілігін негіздемеуге;
6) ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне, лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
7) өзінің ақпаратқа қол жеткізуге құқығын бұзумен келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның заңда белгіленген тәртіппен өтелуін талап етуге құқығы бар.
2. Ақпарат пайдаланушы осы Заңның талаптарын сақтауға міндетті.
Мыналар:
1) мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері;
2) мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері;
4) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде - бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде -мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері;
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде - заңды тұлғалар;
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар ақпарат иеленушілер болып танылады.
9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері
1) құзыретіне сұратылатын ақпаратты беру кіретін тиісті ақпарат иеленушіге сұрау салу жіберуге;
2) сұрау салумен өтініш жасаған адамнан сұрау салудың мазмұнын нақтылауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша ақпарат беруден бас тартуға құқығы бар.
1) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өзінің қызметі процесінде жасалатын және (немесе) жиналатын ақпаратқа тиімді және уақтылы қол жеткізуге қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шеңберінде қамтамасыз етуге;
3) анық және толық ақпарат беруге;
4) берілетін ақпаратта лауазымды адам туралы мәліметтердің сәйкестендіру үшін жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз етуге;
5) ақпарат берудің заңда белгіленген мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) сұрау салулардың есебін, жинақтап қорытуды және талдауды жүргізуге;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ақпарат беру кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға;
8) ақпарат қамтылған интернет-ресурстардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
9) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы лауазымды адамдар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
10) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізуге;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасын сақтауға;
12) қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер интернет-порталында ашық деректер түріндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыруға;