(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АШЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАТ...
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығы
(2024.05.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024.19.01. № 24-НҚ бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 246-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа