(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІРЛЕСКЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА БАЙЛАН...
«Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 Қаулысы
(2012.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысымен
бекітілген
Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру
ережесі
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 122 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік құпиялар) бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес (коммерциялық) ұйымдарына (бұдан әрі - орындаушы ұйым) немесе азаматтарына беру тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 122 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс беруші ұйым - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарға тапсырыс берушілер болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым;
Редакция документа
Демо – версия документа