Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 122 Қаулысы

«Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 122 Қаулысы

 

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 19, 250-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ереже «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік құпиялар) бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес (коммерциялық) ұйымдарына (бұдан әрі - орындаушы ұйым) немесе азаматтарына беру тәртібін белгілейді.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тапсырыс беруші ұйым - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарға тапсырыс берушілер болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым;

2) орындаушы ұйым - орындау үшін өте құпия және құпия материалдар (бұйымдар), мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер тасушылар (қағаз және электрондық) талап етілетін, тапсырыс беруші ұйымның белгілі бір тапсырысын орындайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес (коммерциялық) ұйымдар.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку