(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 31 МАМЫРДАҒЫ № 743 ҚАУЛЫСЫ
Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 Қаулысы
(2003.21.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысымен
бекітілген
Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесі
1. Осы Ереже «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік құпиялар) бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе азаматтарына беру тәртібін белгілейді.
2. Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе азаматтарына беруді осы жұмыстарға тапсырыс беруші ұйым «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның 15-бабына сәйкес иелігінде тиісті мәліметтер бар мемлекеттік органның рұқсатымен және тек осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе азаматтарына беру тапсырыс беруші ұйым мен орындаушы ұйым (азамат) арасында жасалған бірлескен және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа