(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫР...
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 Қаулысы
(2021.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.21.08. № 155 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.06. № 138 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың талдамасы, корреспонденттік және ағымдағы шоттары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес берілген қарыздар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес активтер мен шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есептің нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа