«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 155 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 155 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 52 (28530) жарияланған «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың талдамасы, корреспонденттік және ағымдағы шоттары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес берілген қарыздар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес активтер мен шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес қарыздар, оның ішінде жан-жақты көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есептің нысаны;
Демо – версия документа