«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 138 Қаулысы
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 138 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 52 (28530) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес репо, кері репо операциялары туралы есептің нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) осы қаулыға 11-2-қосымшаға сәйкес ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептің нысаны;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11) және 11-2) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.»;
Демо – версия документа