(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ МЕН СУДЬЯЛАРЫН...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығы
(2016.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына, 38 және 38-1-баптарына, 43-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже;
ҚР Президентінің 2007.27.02. № 292 Жарлығымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Сот жюриі туралы ереже;
2) ҚР Президентінің 2012.18.05. № 329 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2012.18.05. № 329 Жарлығымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының судьяларына куәліктерді беру қағидалары.
1) «Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3004 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 22, 189-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының соттары судьяларының біліктiлiк сыныптары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 15 қазандағы № 3677 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 45, 412-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және оларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 3746 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 49, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Редакция документа
Демо – версия документа