Сот жюриі туралы ереже (ҚР Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген) (2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2019.17.04. № 25 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (2019 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Сот жюриі туралы
ереже
(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Сот жюриі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң), «Қазақстан Республиканың Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Сот жюриін қалыптастыру мен оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Сот жюриі судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін құрылады.
3. Сот жюриінің мүшелерi өз қызметiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңды, Заңды және осы Ережені ғана басшылыққа алады.
4. Сот жюриінің қызметіне араласуға және оның мүшелеріне ықпал етуге жол берілмейді. Сот жюриінің мүшесі өзінің іс жүргізуіндегі материалдар, қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір ақпарат беруге құқылы емес.
2. Сот жюриін қалыптастыру тәртібі
ҚР Президентінің 2024.18.12. № 736 Жарлығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сот жюриі он үш судьядан - аудандық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - аудандық сот) төрт судьясынан, облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - облыстық сот) бес судьясынан және Жоғарғы Соттың төрт судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.
Демо – версия документа