«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 25 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриi туралы ереже осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық 2019 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 сәуір
№ 25
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі
№ 25 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Сот жюриі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Сот жюриі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң), «Қазақстан Республиканың Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Сот жюриін қалыптастыру мен оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Сот жюриі судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін құрылады.
3. Сот жюриінің мүшелерi өз қызметiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңды, Заңды және осы Ережені ғана басшылыққа алады.
Демо – версия документа