«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 736 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде:
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сот жюриі он үш судьядан - аудандық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - аудандық сот) төрт судьясынан, облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - облыстық сот) бес судьясынан және Жоғарғы Соттың төрт судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.
Судьялар Сот жюриінің құрамына Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал заңгерлер қауымының өкілдерін ұйымдардың жарғысына сәйкес олардың ұсынымы бойынша Жоғары Сот Кеңесі үш жыл мерзімге тағайындайды.
Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы судьялар арасынан ең көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
6. Сот жюриінің құрамына негізгі мүшелерден басқа, судьялар қатарынан Сот жюриінің запастағы мүшелері, сондай-ақ заңгерлер қауымының өкілдері сайланады.
Демо – версия документа