(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СОТ ЖЮРИІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001 ЖЫЛҒЫ ...
Осы редакция 2019 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2007.27.02. № 292 Жарлығымен ережемен толықтырылды; ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2012.18.05. № 329 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.22.02. № 201 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Сот жюриі туралы
ереже
(2017.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот жюриі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Сот жюриін қалыптастыру мен оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Сот жюриі жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметін бағалау, судьяның орнынан түсу құқығын және оны тоқтатуды растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін құрылады.
3. Сот жюриінің мүшелері өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңды және осы Ережені ғана басшылыққа алады.
4. Сот жюриінің қызметіне араласуға және оның мүшелеріне ықпал етуге жол берілмейді. Сот жюриінің мүшесі өзінің іс жүргізуіндегі материалдар, қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір ақпарат беруге құқылы емес.
2. Сот жюриін қалыптастыру тәртібі
5. Сот жюриінің құрамын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы жасырын дауыс беру арқылы балама негізде үш жыл мерзімге сайлайды.
Редакция документа
Демо – версия документа