(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001.26.06. № 643 ЖАРЛЫҒЫМЕН БЕК...
Осы редакция 2016 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2007.27.02. № 292 Жарлығымен ережемен толықтырылды; ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2012.18.05. № 329 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Сот жюриі туралы
ЕРЕЖЕ
(2012.18.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Сот жюриі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) сәйкес әзірленді және Сот жюриін қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ материалдар мен тәртіптік істерді қарау тәртібін айқындайды.
2. Әркімнің сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби жарамдылығын айқындау, судьяның орнынан түсу және орнынан түсуді тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәселесін қарау мен тәртіптік істерді қарау үшін Сот жюриі құрылады.
3. Сот жюриінің мүшелері өз қызметінде тәуелсіз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Сот жюриінің қызметіне араласуға және оның мүшелеріне ықпал етуге жол берілмейді. Сот жюриінің мүшесі өзінің іс жүргізуіндегі материалдар, қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір ақпарат беруге құқылы емес.
2. Сот жюриін қалыптастыру тәртібі
5. Сот жюриінің құрамын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы жасырын дауыс беру арқылы балама негізде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен жұмыс істеп жүрген судьялардың ішінен үш жыл мерзімге сайлайды.
Редакция документа
Демо – версия документа