Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 292 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына, 38-бабына, 38-1-бабына, 43-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) Сот жюриі туралы ереже;»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:

4-тармақта «бip жылға» деген сөздер «алты айға» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша:

аудандық сот судьясының лауазымына кандидат үшін - кемінде екі жыл;

облыстық сот судьясының лауазымына кандидат үшін - кемінде он жыл, оның ішінде, әдетте, кем дегенде бес жыл судья болған;

Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидат үшін - кемінде он бес жыл, оның ішінде, әдетте, кем дегенде он жыл судья болған жұмыс стажы бар;";

7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жері бойынша тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.«;

13-тармақтың бірінші абзацы «жетекшісін тағайындайды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тағылымдамашы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды» деген сөздермен толықтырылсын;

16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку